«Microsoft» компаниясы әлемдегі барлық дүкендерін жабуын мәлімдеді
Корпорация дүкендерін жабуы компания бюджетіне 450 млн доллар шығын әкеледі
Microsoft технологиялық компаниясы бүкіл әлемдегі дүкендерінің жабылатынын жариялап, алдағы уақытта корпорация өз тауарлары мен қызметтерін тек онлайн режимінде сататын хабарлады.
Корпорация ресми сайтындағы дерекке сай «Біз «Microsoft» дүкендерінің клиенттеріне ризашылығымызды білдіреміз және оларға интернет қызметтерін ұсыну мүмкіндігін қарастырамыз», - делінген. Мұндай шешім компания бюджетіне 450 млн доллар шығын әкелетін болсада, олар коронавирустық індет жағдайында Майкрософттың білікті мамандары клиенттермен жеке байланыссыз қызметтер ұсына алатындығын орындай алғанын айтқан.
Қазіргі уақытта корпорацияның 82 бөлімшесі бар, олардың 73-і Америка Құрама Штаттарында, ал қалғаны Канада, Ұлыбритания, Австралия және Пуэрто-Рико жерінде орналасқан. Компанияның шешімі бойынша Нью-Йоркте, Лондон, Сидней және Редмондтағы «Microsoft Experience Center» корпоративтік орталықтарында сауда орындарын ашық күйінде қалдыратын болған.
Бұған дейін компания адамның бет-жүзін тану технологиясын АҚШ полициясына сатпауын мәлімдеген еді.