Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Microsoft бет-әлпетті тану технологиясын АҚШ полициясына сатпайтынын мәлімдеді
10:58 / 2020-06-12

Корпорация бұл жүйені елде құқық қорғау органдарының қолдануын реттейтін заңдар болмайынша, жүйе сатылмайды деген


Корпорация бұл жүйені елде құқық қорғау органдарының қолдануын реттейтін заңдар болмайынша ол жүзеге аспайды, деген компания президенті Брэд Смит.

Майкрософт компаниясы АҚШ полициясының осы жүйені пайдалану үшін оны қолдануды тәртіпке салушы заңнаманы реттемейінше, бетті тану технологиясын Құрама Штаттар құқық қорғау органдарына сатпайды. Бұл туралы компания президенті Брэд Смит бейсенбіде The Washington Post газетіне берген сұхбатында мәлімдеп: «Біз бұл технологияны қолдануды реттейтін адам құқықтары туралы федеральді заң қабылданғанға дейін, бет-жүзді тануға арналған платформаны АҚШ полициясына сатпаймыз» деген Смит.

Брэд Смиттің айтуынша болашақта компания құқық қорғау органдарының бұл жүйені теріс пайдалануының алдын алу мақсатында өз технологиясын қолдануды реттеуге ниетті екенін айтқан.

Бұған дейін, Amazon бір жыл ішінде АҚШ полиция бөлімдеріне «Rekognition» технологиясын қолдануға тыйым салған, бұл басқалармен қатар бет-әлпетті тануға мүмкіндік беретін жүйе болып, компания «үкімет бұл технологияны этикалық пайдалану үшін қатаң ережелер қабылдауы керек» деп мәлімдеген болса, маусым айының басында IBM бет-әлпетті тануға арналған бағдарламалық жасақтаманы және «жаппай бақылау, нәсілдік профилактика және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзу үшін» қолданылатын кез-келген технологияны жасаудан бас тартқан.