Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Microsoft» 300-ден астам қызметкерін жұмыстан босатты
10:55 / 2025-06-04

АҚШ-тың «Microsoft» корпорациясы мамыр айында ауқымды қысқартулар жүргізіп, 300-ден астам қызметкерін жұмыстан босатты.

Бұған дейін CNBC телеарнасы «Microsoft» компаниясы әлем бойынша қызметкерлерінің 3 пайызын қысқартатынын мәлімдеген болатын. Бұл — 2023 жылдан бері байқалып отырған ең ауқымды қысқарту. Компанияның ресми веб-сайтындағы дерекке сәйкес, 2024 жылдың маусым айында компанияда 228 000 қызметкер жұмыс істеген.

«Microsoft» өкілі қысқартудың себебін компанияның нарықтағы орнын нығайту және үнемі өзгеріп тұратын жағдайларда табысқа жету үшін қажет екендігімен түсіндірді.

Айта кетейік, биыл қаңтарда компания басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында кейбір қызметкерлермен қоштасатынын жариялаған болатын.

«Microsoft» корпорациясы 1975 жылы кәсіпкерлер Билл Гейтс пен Пол Аллен тарапынан құрылған. Негізгі бағыты — бағдарламалық қамтамасыз ету өндіру. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Вашингтон штатында орналасқан. Әлемге әйгілі Windows операциялық жүйесін дәл осы компания жасаған.