«Miami Masters» чемпионы, жеңісін марқұм ұстазының әкесіне арнады
АҚШ-та теннистен «Miami Masters» турнирі аяқталды. Онда испандық 18 жасты Карлос Алькарас чемпион атанды.
Жарыс финалында Алькарас норвегиялық Каспер Руды 7:5, 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 52 минутқа созылды.
Осылайша Карлос Алькарас турнир тарихындағы ең жас жеңімпаздар қатарында төртінші орынға ие болды. Бұған дейін бұл көрсеткішті Майкл Чанг (1990 жыл, 18 жас 157 күн), Рафаэль Надаль (2005 жыл, 18 жас 304 күн), Ришар Гаске (2005 жыл, 18 жас 331 күн) орындаған.
Испаниялық теннисші бұл жеңісін 20 наурызда қайтыс болған жаттықтырушысы Хуан Карлос Ферреро Эдуардоның әкесіне арнады. Ол мұны «Эдуардо әрқашан бізбен бірге» деп камераға жазып қалдырды.
