Өзбекстанда мұғалімдерге уақытша тоқтатылған үстемақы 2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қайта беріле бастайды.
Білім министрілігінің мәліметінше, Министрлер кабинетінің «Өзбекстан Республикасы 2020 жылға арналған мемлекеттік бюджетінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және шығындарды оңтайландыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2020 жылғы 16 сәуір мен 2020 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін 1 қаңтарға дейін қаржылық ынталандыру, арнайы қордан және директор қорынан төлемдерді есептеу шектелген болатын.
Ал қазіргі кезде мұндай шектеулердің енгізілмегеніне орай 2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап мұғалімдерге белгіленген тәртіпте үстемақы төленеді.
Сондай-ақ министрлік облыстық халыққа білім беру басқармаларынан 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдерге үстеме ақы төлеуді қамтамасыз етуді, сыйақы төлеуді кешіктіруге жол берген тиісті лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шараларды қатаң бақылауға алуды сұраған, хабарламада.