Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Мейірім-2» операциясы. Ирактан Өзбекстанға 64 бала қайтарылды
10:08 / 2019-10-11

Отанына оралған бұл бүлдіршіндер Ирак мемлекетінде өте қиын жағдайда өмір сүріп келген еді.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың тапсырмасымен 2019 жылдың 10-шы қазан күні Ирак елінен 64 бейкүнә балалар арнайы әуерейсінде Ташкентке алып келінді.

«Мейірім-2» – гуманитарлық операциясы аясында Өзбекстанға акелінген 39 ұл мен 25 қыз баланың арасында 14-і 3 жастағы және екеуі ата-анасынан ажрап қалғандар.

Гуманитарлық әрекеттер мен арнайы жұмыс тобының арқасында қазіргі кезде түрлі терористік ұйымдар қатарына қосылып, өзге ел азаматтарының бейбітшілігі мен тыныштығына қауіп төндіргені үшін Ирак жерінде 10-20 жылға азаттықтан айрылған яки болмаса өмір бақи түрмеге тоғытылған әйелдермен сұхбаттар жүргізіліп олардың перзентін Өзбекстанға қайтару бойынша келісімі алынды. Бұл келісімдер Ирак үкіметімен және ЮНИСЕФ халықаралық балалар ұйымы мен бірлесіп Отанына оралған бұл балалар Ирак мемлекетінде өте қиын жағдайда өмір сүріп келген еді.

Бір айтары, бұл әйелдердің кейбіреуінің жолдасы қазіргі уақытта халықаралық террористік ұйымдарда қалған болса енді кейбіреуі ұрыс кезінде қаза тапқан, ал басқалары Ирак пен Сирия түрмелерінде жазасын өтеуде.

Алдағы кезде елге оралған бұл бүлдіршіндер ештеңеден қаймықпай, өз елінде өзге жерде көрген қиындықтарын ұмытарына барлық жағдайлар жасалатын болады. Оларға арнайы мамандық топ жасақталып медициналық, психологиялық, әлеуметтік және басқада зәру көмек көрсетіледі. 

photo5258509309136973516.jpg

photo5260442332182981744.jpg

photo5258509309136973519.jpg

photo5258509309136973522.jpg

photo5260442332182981749.jpg