Өзбекстанда электронды қызмет көрсететін шетелдік компаниялар 48,3 миллиард сум салық төледі.
Салық комитетінің хабарлауынша, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанда электронды қызмет көрсететін 52 шетелдік компания 48,3 миллиард сум салық төлеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көп.
Бұл ретте төленген салықтың 97 пайызы электронды қызмет көрсететін 10 шетелдік компанияның үлесіне тиесілі. Тізімде 19 миллиард сумға жуық салық төлеген Meta Corporation (Facebook, Instagram және WhatsApp-тың иесі) көш бастап тұр.
Ең көп салық төлеген шетелдік компаниялар:
- Meta – 18,7 млрд сум;
- Google - 14,9 млрд сум;
- Apple - 9 млрд сум;
- Вooking.som – 1,2 млрд сом;
- Netflix - 916,7 миллион сум;
- Xsolla - 613,7 миллион сум;
- Yandex - 476,4 миллион сум;
- Adobe Systems - 326,5 миллион сум;
- Microsoft - 326 миллион сум;
– Activision – 310,4 миллион сум.