Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Meta, Google, Apple компаниялары 6 айда Өзбекстанда 48 миллиярдтан астам салық төледі
13:29 / 2024-07-31

Әлемнің алпауыт компанияларының көшбасшысы саналатын Меtа, Google, Apple сынды шетелдік компаниялар жыл басынан бері Өзбекстанда 48,4 млрд салық төледі.

Салық комитетінің хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстанда электронды қызмет көрсететін 60 шетелдік компания 48,4 млрд салық төледі.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Ең көп салықты Meta корпорацисы (Facebook, Instagram, WhatsApp иегері) төлеген – 18,4 млрд сум.

Төленген салықтардың 95,1 пайызы электронды қызмет көрсететін 10 шетелдік компанияның үлесіне тиесілі:

Мета – 18,4 млрд сум;

Google - 12,9 млрд сум;

Apple – 9,8 млрд сум;

Вooking.com - 1,1 млрд сум;

Amazon - 949,2 млн сум;

Zoom – 696,6 млн сум;

Netflix - 666 млн сум

Асса – 652,1 млн сум;

Xsolla – 449,3 млн сум;

Adobe – 301,3 млн.