English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месут Озил Ыстанбұл клубына өтті
09:15 / 2021-01-18

Германияның бұрынғы жартылай қорғаушысы Месут Озил Лондонның «Арсенал» клубынан кетті. Енді ол мансабын түріктің «Фенербахче» клубында жалғастырады.

Мұны ойыншының өзі және Ыстанбұл клубының баспасөз қызметі ресми растады. Озил канонирлермен келісімін аяқтаған соң Түркияға отбасымен келген. 

Клуб башылығы футболшының трансфері туралы ресми түрде 18 қаңтарда жариялауды жоспарлаған.

32 жасты футболшы «Арсенал» қатарына 2013 жылда келіп қосылған, бірақ ол алаңда 2020 жылдың наурызынан бері ойын өткізген жоқ болатын.

Бұған дейінгі ақпаратта, Ыстанбұл клубы футболшыға 8 млн еуро жалақы ұсынған еді.