English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месут Озил түрк клубына еркін агент ретінде өтпек
11:58 / 2020-12-25

«Арсенал» клубының жартылай қорғаушысы Месут Озил мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін.

«Bild» басылымының мәліметінше, 32 жасты футболшы Түркияның «Фенербахче» командасымен келіссөздер жүргізуде. 2020 жылдың наурыз айынан беріге алаңға шықпаған Озил түрк командасы ұсынған 8 млн еуро жалақыға да разылық берген. Ол түрк «Суперлигасы» ойындарына қатысу үшін 2021 жыл басынан өтуі мүмкін. Бірақ «Канонирлер» мен арадағы туындаған келіспеушілікті біржақты ету мақсатында клубпен болған келісім шарттың мерзімін аяқтап (2021 жыл жаз айында), еркін агент ретінде кетуді жоспарлаған. 

Месут Озил «Арсенал» қатарына 2013 жылда келіп қосылған, бірақ ол алаңда 2020 жылдың наурызынан бері ойын өткізген жоқ.

Осы жағдайға орай футболшының «Твиттерінде» жанкүйер тарапынан берілген «Арсеналда бақыттысың ба?» – деген сұраққа футболшы былай жауап қайтарған: «Қазір тек мен үшін ғана емес, клубтағы барлығы үшін өте қиын кезең. Жағдай барлығын қиындатуда. Әрине, мен командаға көмектескім келеді, әсіресе қазір, бірақ мен мүмкіндік тапқанға дейін, жақын арада Арсеналдың нәтижелері жақсарады деп үміттенем. Позитивті болайық 💪 », - деген.