Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месси және Роналду әлемдегі ең қымбат 20 футболшы қатарына енбеді
21:43 / 2020-06-08

Коронавирустық пандемияның әсерінен өткен жылғы рейинг бойынша Месси 14 орынға төмендесе, Роналду 51 орын төмен қарай жылжыған


Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES Football Observatory) қазіргі кезеңдік әлемдегі ең қымбат бағалы футболшылардың жаңа рейтингін жариялады. Атаулы жарияланған тізімдегі ең қымбат 20 футболшы қатарына Роналду және Месси енбеген.

Рейтингте көш бастап тұрған футболшы 21 жастағы франциялық «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе. Оның қазіргі бағасы 259 млн еуроға тең. Ал үздік бестікте Ағылшын құрамасының төрт бірдей футболшысы орналасқан болып, екінші орында Рахим Стеринг (Манчестер Сити) 194 миллион еуро, ал Джейдон Санчо («Боруссия Д») 179 миллион еуромен үшінші орында. Трент Александр-Арнольд (Ливерпуль, 171 миллион) және Маркус Решфорд (Манчестер Юнайтед, 152 млн) 4-5-орындарға жайғасқан.

Әлемдік футболды бұрын сонды болмаған деңгейге көтеріп, футбол сүйер қауымды екі тарапқа ығысуға мәжбүр еткен Месси мен Роналду ең қымбат деген 20 футболшы қатарынада енбеген. Бұл ретте Месси португалдық сұрмергеннен біршама қымбат болып 100 млн еуро бағамен 22 орынға тұрақтаған болса, «Ювентус» клубының көшбасшысы Роналду рейтингте 70 орынан жай алған. 35 жасты қарсылаған футболшы 62 млн еуроға бағаланған.

Коронавирустық пандемияның әсерінен өткен жылғы рейинг бойынша Месси 14 орынға төмендесе, Роналду 51 орын төмен қарай жылжыған.

Әлемдегі ең қымбат ойыншылардың ондығы:

1. Килиан Мбаппе (Пари Сен-Жермен) - 259,2 миллион еуро
2. Рахим Стерлинг (Манчестер Сити) - 194,7 миллион еуро
3. Джейдон Санчо (Боруссия Дортмунд) - 179,1 миллион еуро
4. Трент Александр-Арнольд (Ливерпуль) - 171,1 миллион еуро
5. Маркус Решфорд (Манчестер Юнайтед) - 152,3 миллион еуро
6. Мұхаммед Салах (Ливерпуль) - 144,9 миллион еуро
7. Садио Мане (Ливерпуль) - 139,2 миллион еуро
8. Антуан Гризманн (Барселона) - 134,6 миллион еуро
9. Альфонсо Дэвис (Бавария) - 133,5 миллион еуро
10. Харри Кейн (Тоттенхэм) - 118,7 миллион еуро

22. Лионель Месси (Барселона) - 100,1 миллион еуро

70. Криштиану Роналду (Ювентус) - 62,8 миллион еуро