Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месси «ПСЖ» клубында жалақыны криптовалютада алады
14:03 / 2021-09-18

Аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің ПСЖ-да қанша жалақы алатыны белгілі болды.

L'Equipe француз басылымының мәліметінше, 34 жастағы аладоп шеберінің жалақысы салықтан бөлек 30 миллион еуроны құрайды. Оның ішінде 1 миллион еуро - криптовалютада. Екінші және үшінші маусымда, Месси клубта ойнайтын болса, онда ол клубқа деген адалдағы үшін жылына 10 миллион еуродан алатын болады.

Еске салар болсақ, аргентиналық футболшы 2021 жылдың тамызында «Барселона» клубынан «ПСЖ» сапына келіп қосылған.