Месси мен Суарес мансабын бір клубта жалғастыруы мүмкін
33 жастағы Аргентина құрамасының капитаны және «Барселона» клубының шабулшысы Лионель Месси мен «Атлетико Мадридтің» шабуылшысы Луис Суарес мансабын бір клубта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Goal Каталония радиосына сілтеме жасап.
Футболшылар «Реал Мадридтің» бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм иелік ететін «Интер-Майами» клубына ауысуды жоспарлап отыр. Бірақ бұл 2022 жылға дейін орындалмайды. Өйткені Суарестің «Атлетико» клубымен келісімшарты 2022 жылдың маусымына дейін жасалған. Мессидің «Барселонамен» арадағы келісімі 2021 жылдың жазына дейін жасалған. Бірақ аргентиналық келесі маусымды қайда өткізетінін әлі нақты шешкен жоқ.
Еске салар болса, Месси мен Суарес «Барселона» сапында 2014 жылдан 2020 жылға дейін бірге ойнаған.