English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месси мен Роналду коронавируспен күрес үшін 1 миллион еуродан ақша бөлді
08:19 / 2020-03-25

«France Football» басылымының соңғы дерегінше 2019/20 маусымда ең көп қаржы тапқан футболшылардың көшбасын осы екі лидер бастаған екен


Әлем футболының тарихындағы қайталанбас үздік талант иелері Месси және Роналду, қазіргі глобалды індетке қарсы күрес үшін 1 миллион еуродан қаржы бөліп қайырымдылық жасады.

«Mundo Deportivo» басылымының хабарынша аргентиналық аладоп шебері Месси бөлген қаржы Барсеонадағы аурухана мен Аргентинадағы медицина орталықтарына бөлініп, коронавирус эпидемиясына қарсы күресте қажетті медициналық құралдар мен қорғаныс заттарын алу үшін осы нысандарға сарыпталады.

Ал португалиялық сұрмерген Криштиану Роналду өз отанындағы Лиссабон мен Порту қаласында орналасқан үш жаңа реанимациялық бөлімді салуға көмектескен. БАҚ-тың жазуынша бұл қайырымдылық көмек мөлшері шамамен 1 миллион еуро қаржыны құраған.

«France Football» басылымының соңғы дерегінше 2019/20 маусымда ең көп қаржы тапқан футболшылардың көшбасын осы екі лидер бастаған екен. Месси - 131 миллион евро тапса, Роналду - 118 миллион евро қаржыға қол жеткізген.