ХХІ ғасыр әлем футболына жаңаша ойын үлгісін енгізген аладоп шеберлері Месси мен Роналду Еуропа Чемпиондар лигасы ойындарынан шықты.
2021/22 футбол маусымындағы ойындар кезеңінде «Ювентус» және «Барселона» клубтары келесі кезеңге өтеалмады. 9 наурыз күнгі ойындарда Португалияның «Портуы» Италияның «Ювентус» (2:1, 2:3) клубын жеңіп келесі кезеңге шыққан болса, кеше түнде Франция чемпионы «ПСЖ» Каталонияның «Барселонасын» (4:1, 1:1) жарыс жолынан тайдырды.
Осылайша Еуропа жасыл алаңдарында күні бүгінге дейін көрерменге қызықты ойын сыйлап келген сұрмерген Криштиану Роналду мен доп дүлдүлі Леонель Месси осы маусымдағы Еуропа Чемпиондар лигасы ойындарынан шығып қалды.
Екі күндік матчтар қорытындысына орай «Боруссия Дортмунд», «Порту», «Ливерпуль», «ПСЖ» клубтары келесі кезеңге шықты.
Алда тағы төрт жұптық жауап кездесулері бар. Олар 16, 17 наурыз күндері ойнайды. 16 наурызда «Манчестер Сити» өз алаңында - «Боруссия Менхенгладбах» клубын қабылдаса, «Аталанта» Мадридте «Реал» қонағы болады. 17 наурызда «Челси» «Атлетико Мадрид» клубын қабылдайды, «Лацио» осы күні Мюнхенде «Баварияға» қарсы алаңға шықпақ.