Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месси коронавирус жұқтырды
20:11 / 2022-01-02

Францияның «ПСЖ» клубы және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси коронавирус жұқтырды.

Ресми Париж клубы төрт футболшысында коронавирус анықталғаны туралы ақпарат жариялады. Ондағы дерекке сай, Мессиден бөлек, Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битумазаланың өткен тест сынағы оң нәтиже берген. Ойыншылардың ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз. Қазіргі кезде бұл ойыншылар оқшауланған.

Еске сала кетсек, «ПСЖ» 3 қаңтар күні Франция кубогының 1/16 финалында «Ванн» клубына қарсы ойнайды.