English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месси: Барселона футболшылары жалақысының 70 пайызынан бас тартады
09:58 / 2020-03-31

Мұны клубтың басқа да футболшылары қолдаған


Аргентиналық ала доп шебері Леонель Месси өз командаластарының қазіргі глобалды корнавирусқа қатысты қиын қыстау шақта өз клубының қаржылық жағдайына қаяу түсірмес үшін жалақысының 70 пайызынан бас тартатынын мәлімдеген.

Мессидің айтуынша, клуб футболшылары айлық жалақысының 70 пайызынан бас тартыпқана қоймай, клубтың техникалық мамандары жалақысын толық алуына ақша беретін болған. Бұл жаңалық «Барселона» футболшыларының басқа да ойыншыларының өз парақшаларында жарияланған. Бұған дейін клуб басшылығы осы жағдайды жасауға бел буғандығы әлеуметтік желіде жарияланып, ол кейбір футболшыларға ұнай қоймағаны белгілі болған. Алайда ойыншылар кейіннен бір тоқтамға келіп клубтың коронавирутық пандемияға байланысты қаржылық дағдарысқа тап болатынына орай келісім берген.

Егерде Чемпиондар Лигасы тағыда біраз уақытқа кешігетін болса «Барселона» тағы 25 млн еуроға дейін шығынға ұшырайтын болады.