Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месси алтыншы «Атын допты» алса, Роналду А-Серияның үздігі атанды
11:37 / 2019-12-03

Әйелдер арасында «Алтын доп» АҚШ құрамасының жартылай қорғаушысы Меган Рапиноға бұйырды.


Жыл сайынғы дәстүр бойынша маусымның үздік футболшысын анықтау, Парижде «France Football» басылымының тағайындаған «Алтын доп» сыйлығын беру рәсімі өтеді.

Сонымен 2018/2019 жылдың үздік футболшысы атағы дауыс беру арқылы аргентиналық шабуылшы Леонель Мессиге табысталып, Месси өзінің алтыншы «Алтын доп» сыйлығына ие болды. 
 
Ал, бұл сыйлыққа Мессимен қатар, Ливерпуль клубының қорғаушысы нидерландылық Виржил ван Дейк және португалдық Ювентус клубы шабуылшысы Криштиану Роналду таласып еді.

408682.jpg

Ал, Роналду кешегі Парижде өткен кешке келмей, Италиада өткен салтанатты шарада А-Серияның үздік ойыншысы атанды. жылдың үздік қақпашысы Ливерпульдік қақпашы Алиссон Бекер биыл ғана тағайындалған Лев Яшин атындағы сыйлық иегері атанды. 

EKzumUfWsAAu-JJ.jpg

Әйелдер арасында «Алтын доп» АҚШ құрамасының жартылай қорғаушысы Меган Рапиноға бұйырды. 

EKzsDpdWwAEYx38 (1).jpg