Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Месси 2020 жылда әлемнің ең көп табыс тапқан футболшысы атанды
12:07 / 2020-09-15

Forbes журналы жыл сайынғы дәстүрі бойынша жылдың ең көп табыс тапқан футболшылардың тізімін жариялады


Forbes журналы жыл сайынғы дәстүрі бойынша жылдың ең көп табыс тапқан футболшылардың тізімін жариялады. Бұл тізімде «Барселона» ойыншысы Лионель Месси көш бастап тұр.

Аргентиналық шабуылшы 2020 жылда 126 миллион доллар табыс тапқан. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 1 млн-ға кем. Месси өткен 127 млн доллар көлемінде жылдық табысымен жылдың ең көп табысты футболшысы атанған еді.

Екінші орында португалдық сұрмерген Криштиану Роналду жайғасқан. Оның биылғы табысы 117 млн долларды құрайды. Мұның 70 млны айлық жалақысы болса, 47 млны жарнамалық табыс саналады. Роналду өткен жылға қарағанда биыл 8 млн доллар көп табыс тапқан. 

Forbes басылымының ТОП-10 рейтингі бойынша 2020 жылда ең көп табыс тапқан футболшылар:

1. Лионель Месси («Барселона») – 126 млн доллар;
2. Криштиану Роналду («Ювентус») – 117 млн;
3. Неймар («ПСЖ») – 96 млн;
4. Килиан Мбаппе («ПСЖ») – 42 млн;
5. Мұхаммед Салах («Ливерпуль») – 37 млн;
6. Поль Погба («МЮ») – 34 млн;
7. Антуан Гризманн («Барселона») – 33 млн;
8. Гарет Бэйл («Реал») – 29 млн;
9. Роберт Левандовски («Бавария») – 28 млн;
10. Давид Де Хеа («МЮ») – 27 млн.