Мешітке айналған Айя София шіркеуі екі аптадан кейін намаз оқу үшін жамағатқа есік ашпақ
Президент Режеп Тайып Ердоған телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде: Біз Айя София мешітін 24 шілде күні Жұма намазы қарсаңында намаз оқу үшін ашатын боламыз, деген
Түркия астанасы Стамбұлдағы Айя София (бұрнғы шіркеуі) мұражайы Түркия мемлекет кеңесінің жиынында қолдау тауып қайтадан мұсылмандар ғибадат үйіне айналды.
Бұл жөнінде президент Режеп Тайып Ердоған телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде: Біз Айя София мешітін 24 шілде күні Жұма намазы қарсаңында намаз оқу үшін ашатын боламыз. Бұл мұсылмандар ғибадат үйі барлық мұсылман қауым үшінде ашық болады, деген.
Сонымен қатар Ердоған Айя София мешіт мәртебесін қалпына келтіру туралы шешімге құрметпен қарауға шақырып, соттың шешіміне наразылық білдіру «түрік егемендігін бұзу» екенін баса айтқан.
VI ғасырда Византия императоры Ұлы Юстиниан тапсырмасымен салынған Айя София христиан әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған, бірақ Түрік империясы 1453 жылы Константинопольді басып алғаннан кейін ерекше сәулет нысаны мешітке айналды. Соңғы 86 жыл ішінде Айя София мұражай қызметінде болып, оны мешітке айналдырудың бұған дейінгі әрекеті екі жыл бұрын жасалған болатын. Соның нәтижесінде 2020 жылдың 10 шілдесінен бастап қайтадан мұсылмандардың ғибадат үйіне айналып отыр.