Меркель жаңадан енгізілген карантинді алып тастап, халықтан кешірім сұрады
Германия канцлері Ангела Меркель Пасха мерекесі күндеріне салынған карантин үшін ел азаматтарынан кешірім сұрады және оны алып тастады.
Deutsche Welle басылымының мәліметінше, 22 наурыздан 18 сәуірге дейін ұзартылған Германиядағы карантиндік режимнің күші жойылған. Меркель «жақсы мақсатпен» - коронавирустың үшінші толқынының таралуын бәсеңдету үшін Пасха күндеріне карантин жариялағанын айтты, бірақ бұл дұрыс емес шешім болғанын хабарлап, «Бұл тек менің қателігім, мен оған жауаптымын. Қатені қателік деп атаған жөн, ең бастысы, оны түзетіп, мүмкіндігінше уақытында жасау керек», - деген ол барлық азаматтардан кешірім сұрап.
Қазргі кезде Германия үкіметі коронавирустық пандемияға байланысты шетелге туристік сапарларға тыйым салу мүмкіндігін қарастыруда.