English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Меркель ресми түрде канцлер қызметін аяқтады
14:42 / 2021-10-27

Ангела Меркельге Германия канцлері ретіндегі мерзімінің аяқталуы туралы ресми хабарлама берілді.

Германиядағы парламенттік сайлаудан кейін тура бір ай өткен соң 26 қазанда Бундестагтың жаңа құрамы алғашқы отырысын өткізді. Дәл осы күні канцлер Ангела Меркельдің өкілеттігі ресми түрде аяқталды. Дегенмен, ол жаңа канцлер сайланғанша қызметінде қалатын болды.

Тagesspiegel басылымының дерегінше, Ангела Меркельге үкіметке жаңа канцлер сайланғанша қызметінде қалуын Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер сұраған.

Президент Штайнмайер Меркельге отставкаға кету туралы хатты тапсыра тұрып, оған және ол басқарған үкіметке алғыс білдірген және ол Меркельдің канцлер қызметін «Германия тарихындағы тамаша күндер» деп атаған.

Бүгінде 67 жастағы Ангела Меркель ханым Германияның канцлері лауазымына 2005 жылда келген еді.

Қазіргі уақытта жаңа канцлер Германияның социал-демократиялық партиясының жетекшісі Олаф Шольц болады деген болжам бар. Оның партиясы 26 қыркүйекте өткен сайлауда 25,7 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Консервативті блок ХДС / Христиан әлеуметтік одағы (ХСС) тек 24,1 пайыз дауыс жинады.

Жаңа канцлер тағайындау желтоқсан айында болады. Оған дейін канцлердің өкілеттігі Меркельде қалады.