Мереке қарсаңында саяхаттауға жеңілдіктер жарияланды
Туризм комитетінің хабарлауынша, 6–8 маусым күндері Құрбан айт мерекесіне орай өңірлерде қызмет көрсетіп жатқан көптеген қонақүйлер өз қызметтеріне 20 пайызға дейін жеңілдіктер жариялаған. Айта кету керек, бұл жеңілдіктер ерікті түрде ұсынылуда.
Сондай-ақ, «Вақф» қайырымдылық қоғамдық қорына қарасты ақылы зиярат орындары да жеңілдіктер енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Құрбан айт мерекесі күндері мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қарттар мен балалар үшін зиярат орындарына кіру тегін болады.
Аталған жеңілдіктер тұрғындардың қызықты әрі жайлы демалыс өткізуіне жағдай жасау және ішкі туризмге саяхатшыларды тарту мақсатында енгізілген.