Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мереке күндері Ташкент метросы ақысыз қызмет етеді
19:16 / 2020-08-30

Өзбекстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Ташкент метросы 3 күн бойы жолаушыларды тегін тасымалдайды


Өзбекстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Ташкент метросы 3 күн бойы жолаушыларды тегін тасымалдайды.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, «Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен құттықтай тұрып, осынау тарихи мерекелік күнге орай тойға тояна ретінде, қалалық тұрғындар үшін 31 тамыз және 1-2 қыркүйек күндері қаладағы қоғамдық көліктер арасындағы бірегейі саналатын метрода жүру тегін», делінген.

Еске салар болсақ, бүгін 30 тамыз таңғы сағат 06:00ден бастап жаңадан салынған жер үсті метросының 11 шақырымды құрайтын «Достық-2» бекетінен «Қойлық» аялдамасына дейінгі 7 станция жолаушылар тасымалын бастады.