Mercedes-Benz 250 мың көлікті кері қайтарып алады
Неміс автокөлік өндірушісі «Mercedes-Benz» ықтимал өрт қаупіне байланысты әлем бойынша 250 мыңға жуық автокөлікті кері қайтарып жатыр.
Федералды автотранспорт басқармасының мәліметі бойынша, ел аумағында 37 мыңнан астам автокөлік жиналған.
Мәселе 2023 жылы шығарылған «AMG GT», «C-Class», «CLE», «E-Class», «EQE», «EQS», «GLC», «S-Class» және «SL» үлгілеріне әсер етеді.
"DPA" агенттігігің мәліметінше, алдын алу шарасы ретінде Mercedes-Benz өртену қаупі бар көліктердің кейбір қосалқы бөлшектерін тегін ауыстырады.