Мэнни Пакьяо спорттық мансабын аяқтады
Бокстан 8 салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Tony Talks шоуында спорттық мансабын аяқтағанын растады.
42 жастағы боксшы рингтегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылы 22 тамызда WBA суперчемпион титулы үшін кубалық Йорденис Угасқа қарсы өткізіп, жеңілген болатын.
«Менің бокстағы мансабым аяқталды, мен бұл шешімді ұзақ уақыт бокспен айналысқаным және менің отбасым маған онымен жеткілікті жұмыс істегенімді айтқаны себепті қабылдадым. Алдағы уақытта мен өз елімнің басқа боксшыларына қолдау көрсетемін. Сонымен қатар Филиппин президенттігі үшін күреске дайынмын. Бізге прогресс қажет, кедейлікті жеңу керек. Бізге біздің үкімет халыққа адал және ашық түрде қызмет етуі керек. Уақыт келді, мен көшбасшы болуға дайынмын», - деді боксшы.
Пакьяо қазіргі уақытта Филиппин Сенатының мүшесі, оның мерзімі 2022 жылы аяқталады.