Өзбекстанда 2025 жылы 16 мың 135 сауда рәсімінде бәсекелестікке қайшы келетін жалпы 28 мың 304 жағдай анықталған.
Бұл туралы, Бәсекелестікті дамыту комитеті мәлімдеген. Оған сәйкес мемлекеттік сатып алуларда ашықтық пен әділ бәсекені қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы бастапқы құны 18,8 триллион сумды құрайтын 23 мыңнан астам сатып алу үдерісін зерттелген.
Талдау нәтижесінде 16 мың 135 сауда рәсімінде бәсекелестікке қайшы келетін жалпы 28 мың 304 жағдай анықталған. Олардың қатарында сауда тәртібінің бұзылуы, қатысушыларды негізсіз шеттету, кейбір қатысушыларға жеңілдік жағдайларын жасау және аффилирленгендік фактілері тіркелген.
Анықталған жағдайлар бойынша 11 мың 427 сатып алу рәсіміне қатысты материалдар өкілетті органдарға жіберіліп, 4 мың 708 жағдай бойынша істер қозғалып, лауазымды тұлғаларға қатысты 714 әкімшілік хаттама рәсімделіп, соттарға ұсынылған.
Бұдан бөлек, заңбұзушылықтарға жол берген корпоративтік тапсырыс берушілерге қаржылық айыппұлдар қолданылып, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті нұсқаулар берілген.