Қырғыз Республикасынан контрабандалық жолмен әкелінген күшті әсер етуші есірткі заттары тәркіленді.
Ташкент қаласы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Наманган қаласының кеден органдарымен бірлесіп өткізген жедел іс-шарада Қырғыз Республикасы Жалалабад облысы Олабука ауданының тұрғыны 1985 и.т. азаматы мен Наманган облысының Жаңақорған ауданында тұратын 1980 және 1998 жылы туған 2 азамат өзара тілбайласып, Қырғыз Республикасынан айналма жолдар арқылы Өзбекстанға әкелінген күшті әсер етуші «Регапен» есірткі затының 16 800 данасын 36 мың АҚШ долларына сатқан кезде қолға түсті.
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Наманган облысы бойынша департаментінің қызметкерлері кеден органдарымен бірлесіп өткізген жедел іс-шара барысында Наманган қаласының тұрғыны 1989 жылы туған азаматтың «Lasetti» автокөлігі бейтарап тұлғалардың қатысуымен тексерілген уақытта оның ішінде 6034 дана «Регапен» күшті әсер ететін дәрі-дәрмек бар екені анықталды.
Сондай-ақ жедел шара жалғасын тауып, аталған азаматтың тұрғылықты жерінен 2800 дана «Регапен» дәрі-дәрмек табылды.
Айта кету керек, барлық жағдайда тәркіленген күшті әсер ететін есірткі заттары Өзбекстанға Қырғыз Республикасынан заңсыз контрабандалық жолмен әкелінген.
Қазіргі таңда аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.