2026 жылдың сәуір айынан бастап Өзбекстандағы мемлекеттік медицина мекемелері 6 күндік жұмыс режимінен 5 күндік жұмыс аптасына өтеді. Демалыс күндері жұмыс кестесі кезекшілік негізінде ұйымдастырылатын болады.
Мемлекет басшысының медицина және фармацевтика қызметкерлерін қолдау жөніндегі қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік медицина мекемелерінің жұмыс тәртібі алты күндік жүйеден бес күндік жұмыс аптасына өзгертіледі.
Құжатта «медицина мекемелерінің қызметін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында мереке және демалыс күндері олардың жұмысы кезекшілік тәртібінде ұйымдастырылады» деп көрсетілген.
Айта кетсек, 8 қараша күні Президент Шавкат Мирзиёев медицина қызметкерлері күніне орай жолдаған құттықтауында сала өкілдерінің еңбегі жоғары бағаланатынын, олардың материалдық және әлеуметтік жағдайлары кезең-кезеңімен жақсартылатынын атап өткен болатын.
Сонымен қатар, құттықтау барысында қаржыландыруды арттыру, саланы цифрландыру және кадр даярлауға қатысты басым міндеттер де белгіленген.