Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекеттік білім беру жүйесіндегі барлық мектептер туралы дерек бір платформаға біріктіріледі
15:42 / 2022-01-28

Өзбекстанда мемлекеттік білім беру жүйесіндегі барлық мектептер туралы деректер бір платформаға біріктіріледі.

Халыққа білім беру жүйесіндегі 10 мыңнан астам жалпы білім беретін мектептерді ERP жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін 700 мыңнан астам мектеп қызметкерлері мен 6,2 миллионнан астам оқушы туралы деректер біріңғай жүйе арқылы толығымен онлайн режимде болады.

Мемлекеттік білім беру жүйесінде ақпарат алмасуды автоматтандыру және басқару мақсатында бірыңғай бағдарламалық кешен – ERP ақпараттық жүйесі әзірленіп, кеңінен енгізілуде, деп хабарлайды ӨР Халыққа білім беру министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, ERP платформасы 1-сыныпқа қабылдау процесінде оқушылар тізімін электронды түрде қалыптастыру, оқу сағаттарын жоспарлау, мұғалімдерге сағаттарды бекіту, біліктілік санаттарын бақылау, қызметкерлердің жалақысын белгілеу сияқты бірқатар ыңғайлылықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ERP жүйесі басқа министрліктер мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері және деректер базаларымен біріктірілетін болады.