Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылыс көлемі 2023 жылы 90 мыңға жеткізіледі
18:39 / 2023-04-13

Өзбекстанда жаңадан бой көтеретін 38 Жаңа Өзбекстан массивінде 31 мың пәтер салынады.

Өзбекстан президенті «2023 жылы халықты нарықтық қағидаттар негізінде ипотекалық несиелер арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды.

Осыған орай «Жаңа Өзбекстан» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған массивтердің бос жатқан жерлеріне көпқабатты үйлер салуды жалғастырып, құрылыс көлемін 2023 жылы 90 мыңға жеткізу ұсынылған. 

Мұнда:

  • 38 «Жаңа Өзбекстан» массивінде 31 мың, басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша 8 мың және жеке мердігер ұйымдар есебінен 51 мың пәтер салу жоспарланған;
  •  «Жаңа Өзбекстан» массивтерін кеңейту және 9 жаңа массив құру мақсатында 140 гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің санаттары өзгертіліп, әкімдерге бөлінген жердің 5 еселенген мөлшерінде жаңа жерлерді алу міндеті жүктелді;
  • массивтердің ішкі жолдарын салу Автомобиль жолдары комитетіне жүктелген;
  • темірбетон кәсіпорындарында заманауи зертханалар құру, бұл үшін «Саноат қурилиш банк» АТБ 10 млн доллар несие желісін бөлу қарастырылған;
  • Олий Мажлис палаталарының, саяси партиялар, құрылыс, әдiлет, экономика және қаржы агенттiктерiнiң өкiлдерiнен тұратын жұмыс тобы «Реновация туралы» Заң жобасын әзiрлеу белгіленген;
  • Өңірлерде су, кәріз, электр, газ, жол инфрақұрылымын жақсартуға инвесторларды тарту, сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік пен құрылыста бақылауды күшейту үшін жекелеген қарар жобаларын әзірлеу көзделген.