Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті нығайту туралы таныстырылым өтті
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев энергетика, көлік, коммуналдық және медицина саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті нығайту туралы презентациямен танысты
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5 тамызда энергетика, көлік, коммуналдық және медицина саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті нығайту туралы презентациямен танысты, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Елдегі бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту мен ірі жобаларға жеке секторлар үлесін тарту мақсатында 2018 жылы Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік агенттігі құрылды және осыған байланысты 10-нан астам қаулы қабылданды. Бірақ соған қарамай бүгінгі күнге дейін энергетика, медицина және коммуналдық салада бар болғаны 9 ірі мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің жобасына қол қойылды. Мемлекет басшысы бұл көрсеткіш өте төмен екенін айтты.
Электр және табиғи газды тұтынушыларға сатуда мемлекеттік-жеке серіктестікті енгізу тапсырылды. Тек осы арқылы өндірушілер мен сатушылар арасындағы бәсекелестікті қамтамасыз етіп шығындар мен жоғалтулард азайтуға болады.
Президент Шавкат Мирзияев денсаулық сақтау саласында құны 270 миллион долларды құрайтын 14 жобаны жеделдетуге бұйрық берді. Екі айдың ішінде Қарақалпақстанда, Хорезмде және Ташкентте гемодиализ орталықтарын құру бойынша тендерлерді аяқтау міндеті тұр. Бұл жобалар жылына 1100 науқастың өмір сүру ұзақтығын 10 жылға арттыруға бағытталған. Осы жұмыстар үшін бюджеттен жылына 100 млрд сум бөлінетін болды.
Халықаралық сарапшылардың зерттеуіне сай, Өзбекстандағы әуежайларды жаңарту үшін орташа есеппен 800 миллион доллар қажет. Осыған байланысты Дүниежүзілік банкпен бірге Ташкент, Бұхара, Ферғана және Үргенш әуежайларын «пакеттік принцпте» (шығынға жұмыс істеп тұрған әуе порттарын пайда әкелгендер мен серіктестікке беру) негізінде серіктестікке беру бойынша техникалық тапсырманы әзірлеу міндеттелді.
Коммуналдық қызмет саласындағы жобалар да мұқият алқыланып, жүйедегі реформалар іс жүзінде дерлік көрінбей жатқаны сөз болып, осыған байланысты кідірістер бар екендігі айтылды.
Жиында Премьер-министрдің орынбасарлары Жамшид Қошқаров пен Сардор Умурзаковқа мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің барлық жобаларын әр ширек сайын талқылап, қажетті шараларды анықтау тапсырылды. Өйткені мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке қатысты мәселелерді Президенттің жеке бақылауында болатыны жөнінде айтылды.

