Мемлекеттік шекарадан өту уақыты белгіленді
Өткізу пунктінде автокөліктердің түріне байланысты олардың өту уақытыда белгіленген.
Үкімет шешімі мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға, көлік құралдарына және тауарларға шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылаудан өткізу туралы ереже бекітілді.
Ережеге сәйкес, Мемлекеттік шекарадан өтетін барлық азаматтар, көлік құралдары мен тауарлар шекаралық, кедендік, санитарлық және карантиндік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға қатысты болса, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылаудан өтетін болады.
Қажетсіз алаңдаушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік бақылау органдары жүргізушілерге, тауарлар мен көлік құралдарына бақылау-өткізу пунктінде «Ягона дарча» кедендік ақпараттық жүйесі негізінде бақылау процедураларын жүргізетін болады. Өткізу пунктінде автокөліктердің түріне байланысты олардың өту уақытыда белгіленген. Жеңіл автокөліктер 15 минутқа аялдаса, жүк көліктері 30 минуттан аспайтын уақытқа дейін тұрақтайтын болады.
Сонымен бірге, Өзбекстан шекарасына өтетін әрбір автокөліктер мемлекеттік басқару органының тиісті тәртібіне сай өткізу уақыты белгіленген:
санитарлық-карантиндік бақылауға (жүргізуші санитарлық тексеруден өтеді) - 3 минут;
шекаралық бақылауға (төлқұжат пен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге рұқсат етуші құжаттың бар-жоқтығын тексеру) - 4 минут;
Кедендік бақылауға (жүргізуші, тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеу) - 15 минут;
фитосанитариялық бақылауға (тасымалданған тауар фитосанитариялық бақылау объектісі болса фитосанитариялық бақылаудан өтетін болады) - 4 минут;
ветеринариялық бақылауға (тасымалданатын тауарлар ветеринариялық бақылауға жататын жағдайда, тексеруден өтетін болады) - 4 минут.
Сондай-ақ, ережеде бақылау процедурасынан өту уақыты белгіленген нормалардан асып кетуі мүмкін.
Атап айтқанда, бақылау-өткізу пунктінде мемлекеттік реттеуші органдар тарапынан заңбұзушылық жағдайы анықталған кезде белгіленген мерзімнен ұзақтау болуы мүмкін.