Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысының жарлығымен Сума Чакрабарти «Достық» орденімен марапатталды
11:08 / 2020-07-15

Марапаттау рәсімі қазіргі әлемдегі пандемия жағдайына байланысты бейне байланыс арқылы өтті


Өзбекстан Республикасы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы стратегиялық серіктестік жолға қоюға және жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлкен үлесі үшін Сума Чакрабарти «Достық» орденімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі қазіргі әлемдегі пандемия жағдайына байланысты бейне байланыс арқылы өтіп, онда ел атынан ӨР Премьер-министрінің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умирзаков қатысты және 2012-2020 жылдар аралығында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президенті лауазымында қызмет атқарған Сума Чакрабартиді осы марапатымен құттықтады.

Өз кезегінде С.Чакрабарти: «Өзбекстан Президентінен осындай марапат алу мен үшін үлкен мәртебе, ынтымақтастығымыз жолында қол жеткізген жетістіктеріміз Мемлекет басшысы тарапынан осылай бағаланғанына қуаныштымын. Өзбекстандағы белсенді жұмысымыздың әуелден-ақ, мен осы елдің үлкен экономикалық әлеуетіне сенімді болдым және қазірде күш-жігеріміздің нәтижесін көріп, қателеспегенімді ұқтым. Мен ЕҚДБ басшысы ретінде өз мансабымды аяқтағаннан кейін де Өзбекстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға сенімдімін», деді ол.

photo_2020_07_15_10_23_47.jpg