Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысының жарлығымен 113 азаматқа рақымшылық жасалды
08:25 / 2020-08-28

Кешірім жасағандардың 5 негізгі жазадан босатылды, 53 шартты түрде босатылды, 15 жеңіл жазаға ауыстырылды


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәуелсіздік 29 жылдығы қарсаңында мемлекет тарапынан жүргізіп отырған гуманистік саясаттың іс жүзіндегі растамасы ретінде «бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан, жасаған іс-әрекеттеріне шын өкінген және қалпына келу жолына нық қадам басқалы тұрған азаматтардың бір тобын кешіру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қаулыға сәйкес, ӨР Конституциясының 93-бабы, 23-тармағына орай жасаған қылмыстары үшін қылмыстық-атқару мекемелерінде жазасын өтеп жатқан және өз іс-әрекетіне шын өкініп, дұрыс жолға нық қадам басқан 113 азаматқа кешірім жасалды.

Кешірім жасағандардың 5 негізгі жазадан босатылды, 53 шартты түрде босатылды, 15 жеңіл жазаға ауыстырылды. Сонымен қатар 40 азаматқа кесілген бас бостандығынан айыру мерзімі де қысқартылды. Олар арасында бірі - 60 жастан асқан ер адам, екеуі - шетелдік азамат және 105 - тыйым салынған ұйымдардың мүшелері саналады.