Мемлекет басшысының жаңа аптадағы жұмыс кестесі белгілі болды
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов журналистерге арналған кезекті брифинг өткізді.
Онда, Мемлекет басшысының өткен аптадағы қызметі туралы қысқаша ақпарат беріліп, осы аптада күтілетін жұмыс кестесі мен маңызды оқиғалар туралы баяндалды.
Атап айтқанда, Шавкат Мирзияев Парламентаралық Одаққа мүше елдер парламенттері әйел басшыларының 14-ші саммитіне қатысушылармен кездесуі жоспарланған.
Сондай-ақ Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының жоғары деңгейдегі саммитіне дайындық аясында презентациялар өтеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуына арналған бірқатар кездесулер өткізеді.