Президент Шавкат Мирзиёев төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен реформалардың жаңа кезеңіндегі басым бағыттар жөнінде видеоселекторлық жиналыс басталды.
Мәліметке сай, соңғы 7 жылда медицинаны қаржыландыру 6 есеге артып, биыл бұл көрсеткіш 42 триллион сумға жеткені атап өтілді.
Махалладағы бастапқы буын мен мамандандырылған қызметті өзара байланыстыратын кешенді жүйе қалыптасты. Бұрын тек астанада ғана жасалатын 400-ден астам жоғары технологиялы операциялар бүгінде аймақтар мен аудандарда да жүргізілуде. Мәселен, бүйрек ауыстыру операциясы күн сайын екі мәрте жүзеге асырылады.
Бүгінде Өзбекстанда әр он мың тұрғынға шаққанда 27 дәрігерден келеді. Бұл көрсеткіш АҚШ, Ұлыбритания және Финляндиямен тең. Ал Түркия мен Канадада бұл сан 1,5 есеге аз.
– Бізде медицина қызметкерлері мен қаржыландыру көлемі бойынша мәселе жоқ. Алайда, басты сұрақ – сапа. Бұл тұрғыда халықтың ескертулері мен шағымдары аз емес, – деді Президент.