Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына сапары аяқталды
08:43 / 2022-08-19

Өзбекстан Республикасы Президентінің Сауд Арабиясына мемлекеттік сапары аяқталды.

Мемлекет басшысы 17 тамызда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы мен Корольдік арасындағы жан-жақты әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту туралы бірлескен мәлімдеме, сондай-ақ энергетика, кеден, азаматтық авиация, туризм, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, еңбек салаларындағы 15 құжат қабылданды.

18 тамызда Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Ислам даму банкінің басшыларымен, сондай-ақ саудиялық кәсіпкерлермен кездесулер өтті.

Мекке мен Мадина қалаларына жасалған зиярат та сапардың ерекше оқиғасына айналды.

Президент Шавкат Мирзияев 19 тамызға қараған түні Жиддадан Ташкентке қарай жол тартты.