Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің «Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы» атты еңбегі «Қарақалпақстан» баспасынан қарақалпақ тілінде басылып шықты.
Бұл туындыда қазіргі таңда Жаңа Өзбекстан мен Үшінші Қайта өрлеу дәуірінің іргетасын қалау жолында жүргізіліп жатқан түбегейлі өзгерістер мен реформалардың мақсаты, мазмұны, басымдықтары, Өзбекстанның заманауи демократиялық бейнесін қалай қалыптастыру, елді дамудың жаңа кезеңіне көтерудің стратегиялық жолы, ұлттық дамуыдың болашағы жайлы айтылады.
2021 жылдың 24 қазанында өткен Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауына халқымыз белсене қатысып, өзінің жоғары саяси-құқықтық санасы мен мәдениетін паш етті. Сайлау қорытындылары елдің тәуелсіз, егеменді даму және демократиялық реформалар жолында алға басып келе жатқанын, Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын жерлестеріміз кеңінен қолдап отырғанын тағы бір дәлелдеді.
Кітапты қарақалпақ тіліне Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген журналисі К.Реймов пен журналист Г.Пирназарова аударған.
Д.Абибуллаев