Мемлекет басшысының кәсіпкерлермен ашық диалог кездесуі басталды
Өзбекстан Президент Шавкат Мирзиёевтың кәсіпкерлермен ашық диалог кездесуі басталды. Шара басында Мемлекет басшысы белсенді кәсіпкерлерге жоғары мемлекеттік наградалар табыс етті. Дәл қазіргі сәтте Президент республикада кәсіпкерлікті дамытудың бірінші кезектегі міндеттері туралы баяндама жасауда.
– Біздің кәсіпкерлер түрлі қиындықтар салдарынан логистика мен өнімді жеткізу тізбегінің бұзылуы, серіктес елдер валютасының құнсыздануы, жаһандық жоғары инфляция салдарынан қаржы ресурстарының құнының өсуі сияқты факторлардың әсерін жақсы біледі.
Мойындау керек, бұдан былай да оңай болмайды. Кемшіліктерден дұрыс сабақ алып, алға бассақ, еңбекқор халқымыз, іскер кәсіпкерлеріміз кез келген қиындықты міндетті түрде еңсереді деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы сөзінің басында.
Осындай күрделі жағдайда мәселені тікелей бизнес өкілдерінің өз аузынан естіп, олардың шешімін бірлесіп тауып, сол арқылы тез шешім қабылдаудың ең дұрыс жолы екені айтылды.