Мемлекет басшысының ел кәсіпкерлерімен ашық диалогты кездесуі басталды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің отандық кәсіпкерлермен ашық диалогты кездесуі басталды.
Кездесу Ташкент қаласындағы Халықаралық конгресс орталығында өтуде.
Президентпен кәсіпкерлердің ашық диалогты кездесуіне биыл да үлкен дайындық жүргізілді. Кәсіпкерлердің сұрағы мен ұсыныстарын жинау үшін республикалық штаб пен «колл-орталық» құрылды.
Соңғы мәліметтер бойынша, оған 12 мыңнан астам ұсыныстар мен өтініштер келіп түскен.