French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысының Бішкекке жұмыс сапары аяқталды
21:04 / 2023-10-13

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына жасаған жұмыс сапары аяқталды. Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.

Мемлекет басшысын «Манас» халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Бүгін Өзбекстан Президенті ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысып, Достастық аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша бірқатар маңызды бастамаларды алға тартты.

Достық, тату көршілік және көпжақты ынтымақтастық қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін Өзбекстан басшысы ұйымның ең жоғары наградасы – ТМД-ның Құрмет медалімен марапатталды.

Саммит аясында Мемлекет басшысы Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесу өткізді.