English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысының қаулысымен 58 тұтқын жазасынан азат етілді
16:20 / 2020-02-06

Бас бостандығынан айырылып жазасын түрмеде өтеуші азаматтарға кешірім жасалды


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев бас бостандығынан айырылып жазасын түрмеде өтеуші азаматтарға кешірім жасап, олардың жасаған ісіне шын ниетпен өкініп түзу жолға нық қадам басқан бір тобына кешім жасау жайлы қаулы шығарды.

Қаулыға сәйкес 58 азаматтың 41 шартты түрде жазадан азат етілген болса, 3 тұтқынның жазасы жеңіліне ауыстырылды. Бір сөзбен айтқанда 44 азамат бостандыққа шыққан. Оның екеуі әйел азаматшалар. 14 азаматтың түрмедегі мерзімі қысқартылған.

Жарлықтың орындалу тәртібіне сай, кешірім алғандардың отбасыларына және туыстарына қайтуы мен олардың қоғамдық өмірге бейімделуіне, пайдалы жұмыспен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамда лайықты орын табуға көмектесу жауапты министрліктер мен ведомстволарға тапсырылды.