Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысының Астанаға жұмыс сапары аяқталды
16:41 / 2023-11-03

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысып Астана қаласына жасаған жұмыс сапарын аяқтады.

Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысында Өзбекстан басшысы ұйымға төрағалық ету барысында қол жеткізілген негізгі нәтижелерді атап өтіп, құрылымды одан әрі дамыту мен түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың басым бағыттары туралы, бірқатар маңызды ұсыныстар мен бастамаларды алға тартты.

Саммит аясында түркі халықтары отбасының бірлігін нығайтуға, түркі елдерінің мүдделері мен көзқарастарын халықаралық аренада белсенді ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін Президент Шавкат Мирзиёевке «Түркі әлемінің жоғары ордені» салтанатты түрде табыс етілді.

Сапар бағдарламасы аясындағы шаралар аяқталған соң Өзбекстан Президенті Ташкентке қайтып оралды. Әуежайда Мемлекет басшысын Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов шығарып салды.