English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы жастар мәселесіне арналған кеңес өткізді
20:19 / 2023-02-15

Президент Шавкат Мирзияев жастарды жұмыспен қамтамасыз ету және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мәселелеріне арналған кеңес өткізді.

Өзбекстанда жастарға қатысты мемлекеттік саясат нақты әрі жан-жақты. Атап айтқанда, өткен жылы 9406 елді мекенде жастар көшбасшысы қызметі жолға қойылып, олардың мәселелерін орнында шешуге мүмкіндік жасалған. Нәтижесінде жастардың өтініштерін қарау мерзімі 30 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Қазір жетекшілердің ұсынысы бойынша жас ұл-қыздарға 25 түрлі көмек көрсетілуде.

Жас ұрпақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында 14-30 жас аралығындағы 9 миллион жастың балансы қалыптастырылды. Бос уақытын мазмұнды ұйымдастырып, бойындағы дарындылықты шығару мақсатында 5 кезеңнен тұратын «Бес бастама олимпиадасы» ұйымдастырылуда.

Жиында осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеру қажеттігі баса айтылды.

Мемлекет басшысы түлектерді кәсіптік оқыту мен жұмыспен қамтуға бағытталған «Өмір мектебі» бағдарламасын жүзеге асыру бастамасын көтерді.

Жастарды ықылас пен қамқорлықпен толық қамту мақсатында «махалладан министрлікке дейін» жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға бекітілетіндігі белгілі болды.

Жастарға бөлінетін қаражатты қалыптастыру және қаржыландыру үдерістерін цифрландыру мен оларды мақсатты бағыттау міндеті қойылды. Жас ұл-қыздардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, іскерлік дағдыларын дамыту жөнінде нұсқау берілді.

Жастарымыз өнер, әдебиет, спорт салаларында өршіл. Осындай мүмкіндіктерді жақындату мақсатында өңірлерде «Мәдениет керуені» іс-шаралары, фестивальдар, зияткерлік және спорттық жарыстар ұйымдастырылуда. Жастардың ойын алаңдары мен шығармашылық саябақтары құрылады.

Жастарды жат идеялардың шабуылынан сенімді қорғау үшін баламалы ақпараттық ресурстарды жасап, байыту маңызды екені айтылды.

Жиында шенеуніктер биылғы жылы атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді.