Мемлекет басшысы Ташкент қаласындағы «Жаңа Өзбекстан» көшесі мен 4Р12 магистрал жолының қиылысында салынатын жол өткелінің жобасымен танысты.
Кейінгі жылдары бұл екі жолда көлік қозғалысы көбейді. Бостандық және Паркент аудандарына баратын туристер саны да өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есе өсті және әлі де арта бермек. Сондай-ақ бұл жол қиылысы келешекте Жаңа Ташкент қаласына апаратын негізгі жол болмақ.
Осыны ескере отырып, аталған қиылыста көлік қатынасын салу жоспарланған. Жоба бойынша мұнда 1 көпір, 3 тоннель, 4 айналма жол және қосымша жолдар салынады. Осының арқасында жол қиылысы ешқандай бағдаршамсыз «жасыл қиылысқа» айналады. Осы қолайлылықтың нәтижесінде жүргізуші мен жолаушылардың уақыты 20-30 минутқа үнемделеді, қозғалыс қауіпсіздігі артады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Достық – Қойлық» метро станциясы жанынан салынып жатқан сауда және қызмет көрсету орындарын аралап көрді. Жоба аясында мұнда 36 сауда және қызмет көрсету орындары, спорт және балалар алаңдары, автотұрақтар салынады.
Жауапты азаматтарға бұл жерде қауіпсіздік шаралары мен бақылауды қамтамасыз ету, Ташкент қаласында қызмет көрсету саласын дамыту бойынша тапсырмалар берілді.