Мемлекет басшысы жаңадан ашылған мекемені барып көрді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қашқадария облысына жасаған сапары аясында Қаршы қаласындағы Кәсіпорындарды оңалту және жекешелендіру клиникасына барды.
Мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту және бәсекелестікті дамыту - сапаның, өнімділіктің және дамудың маңызды факторы. Өзбекстан Республикасы Президентінің осы жылдың 27 қазанында қабылданған «Мемлекеттік кәсіпорындарды реформалауды жеделдету және мемлекеттік активтерді жекешелендіру шаралары туралы» жарлық осы мақсатқа бағытталған.
28 қазандағы өткен слелекторлы жиында Мемлекет басшысы халыққа толық ақпарат беретін консультациялық клиникалар мен байланыс орталықтарын құру қажеттілігін атап өтті. Соған орай, Қарақалпақстан Республикасында Ташкент қаласы мен барлық облыстарда кәсіпорындарды оңалту және жекешелендіру клиникалары ашылды. Бұдан бөлек тәулік бойы жұмыс істейтін 1082 нөмірлі байланыс орталығы да құрылды.
Атаулы клиникалар Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі және оның аймақтық кеңселері арқылы басқарылады. Олардың жұмысында Сауда-өнеркәсіп палатасы, Премьер-Министрдің қабылдау бөлімі, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, Экономикалық даму және кедейлікті азайту министрлігінің аймақтық департаменттері және әкімшілік басқару органдарының өкілдері үнемі қатысады.
Қаршыдағы мұндай клиникада экономика-қаржылық және заңдық кеңес беру, ақпараттық қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда білікті мамандар қабылданып, инфокиосктер орнатылған. Азаматтар жекеге берілетін объектілер, олардың мекені, жай-күйі, саладағы түрлі толық ақпаратты алу мүмкіндік қарастырылып, барлық қызметтер ақысыз етілген.

Орталықтың жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы: - Жекешелендіру - бұл қосымша құн мен жұмыс орындарын құратын маңызды мәселе. Әр бір нысан иесін тауып, жұмысты жолға қою керек. Бұл кәсіпкерге мүмкіндік, жергілікті бюджетке түсетін табыс, - деді Шавкат Мирзияев.
















