English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы жаңа массивтер жобасының таныстырылымына қатысты
23:14 / 2021-11-30

Шавкат Мирзияев Өзбекстан Президентінің инаугурация рәсімінде алдағы уақытта 1 миллионнан астам адамға барлық жағынан қолайлылық пен әлеуметтік инфрақұрылымы бар «Жаңа Өзбекстан» массивтері салынатынын айтқан еді.

Осыған орай бағдарламаның практикалық аспектілері осы жылдың 2 қарашасында өткен бейнеконференцияда талқыланды. Соңғы бір айда жаңа массивтер үшін қала немесе аудан орталығына жақын инфрақұрылымы бар аймақтар таңдалып, бастапқы жобалар қалыптасты.

Бұл жобалар 30 қарашада Президентке таныстырылды.

Жоспар бойынша келесі жылы 22 жаңа массив салынады. Құрылыс ұйымдарына жеңілдік беру үшін көпқабатты тұрғын үйдің өзі ғана аукцион арқылы сатылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақтар үй иелеріне қоғамдық пайдалануға беріледі. Бизнеске арналған жер телімдері электронды онлайн аукцион арқылы бөлінеді.

Мемлекет басшысы осы жаңа аумақтарда көптеген мектеп, балабақша, медициналық мекемелер салуды тапсырды. Шағын индустриялық аймақ, кәсіпкерлік нысандарын құру кемінде 50 мың жұмыс орнын ашуға болатыны айтылды.