Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы жаңа инфрақұрылым нысандарын аралады
16:49 / 2023-10-14

Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласындағы жаңа инфрақұрылым нысандары және күзгі-қысқы маусымға дайындық барысымен танысты.

Кейінгі жылдары Ташкент қаласы халқының саны жағынан да, аумағы жағынан да өсіп келеді. Соған сәйкес инженерлік желілердің өткізу қабілеті де ұлғайтылуда.

Атап айтқанда, Шайхонтохур ауданында, «Пахтакор» стадионының жанынан жаңа қосалқы станция салынды. Жоба аясында «Тракторсоз» қосалқы станциясынан 19 шақырымнан астам кабель тартылып, 2 трансформатор орнатылды. Ол келесі айда іске қосылады. Нәтижесінде қала орталығында 130 мегаватт қосымша электр қуаты пайда болады. Қаладағы басқа қосалқы стансалардың жүктемесі азайып, апаттың болу ықтималдығы 60 пайызға азаяды.

Мемлекет басшысы осы жерде Ташкент қаласын электрмен жабдықтау жүйесін салу және жаңғырту туралы презентациямен танысты. Тағы бес қосалқы станцияның құрылысы жүріп жатқаны және төртеуі жаңартылып жатқаны, бұл жалпы 850 мегаватт қосымша қуатты құруға мүмкіндік беретіні айтылды.