Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мемлекет басшысы Өзбекстан халқына кезекті Жолдауын жариялады
03:22 / 2022-12-21

2022 жылдың 20 желтоқсанында Президент Шавкат Мирзияев Олий Мажлис пен Өзбекстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

Ташкент қаласындағы Халықаралық конгресс орталығында өткен шараға Олий Мажлис Сенатының депутаттары мен Заң шығару палатасының депутаттары, мемлекеттік ұйым басшылары мен қоғам өкілдері қатысты.

Үндеуді отандық оннан астам телеарна тікелей эфирде таратып, Президенттің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы да онлайн көрсетілді.

Өзбекстанның саяси өміріндегі ең маңызды оқиға болып табылатын бұл шара 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Онда алдағы жылдың негізгі көрсеткіштері, жаңа жылға арналған мақсаттар мен міндеттер жарияланады. Сондықтан, халқымыз бұл оқиғаны әрқашан үлкен ықыласпен күтеді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Өзбекстан ұлттық дамудың жаңа дәуіріне батыл қадам басып келеді. Өміріміздің барлық салаларында үлкен өзгерістер орын алуда.

Биыл халық саны 36 миллионнан асты. Жыл сайын 900 мыңға жуық жаңа ұрпақ қосылуда.

Президент Шавкат Мирзияев аяқталып келе жатқан 2022 жыл өте қиын және сынаққа толы жыл болғанын атап өтті. Осы кезеңде жинақталған тәжірибе бір шындықты айқын дәлелдеді: ілгерілеу тек қажырлы және батыл еңбек арқылы жүзеге асады.

– Сондықтан әлемде болып жатқан пандемияға, терең экономикалық және саяси дағдарыстар мен қақтығыстарға қарамастан, халқымыздың ерлік еңбегінің арқасында қол жеткізген кейбір жетістіктерді атап өтуді жөн санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Өзбекстанда жүзеге асырылған ауқымды да жемісті реформалардың нәтижесінде жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет 80 миллиард доллардан асты.

Биыл экономикамызға 8 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция құйылып, экспорт 19 миллиард долларға жетті.

Айта кету керек, мұндай тамаша нәтижелер бұрын болмаған.

Биыл Өзбекстан тарихында алғаш рет зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері ең төменгі тұтыну шығысынан төмен болмайтын деңгейге жеткізілді. Мәселен, 2017 жылы 500 мың аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек көрсетілсе, бүгінде 2 миллионнан астам отбасы көмек алуда. Бөлінген қаржы 7 есе өсіп, жылына 11 триллион сумға жетті.

– Бұл сандарды айту оңай. Олардың әрқайсысының артында тынымсыз еңбек жатыр. Өйткені адамның құндылығы, адамды ардақтау – біздің назарымыздағы ең маңызды мәселе. Осы мақсатта соңғы 6 жылда біз еліміз бойынша 300 мыңға жуық тұрғын үй салдық, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 10 есе көп, – деді Шавкат Мирзияев. 

Халық денсаулығын сақтау үшін барлық медициналық қызметтерді аудан, махалла деңгейіне түсірілуде.

Өзбекстанның бүгінде әлемдік саясаттың орталықтарының біріне айналып келе жатқаны және халықаралық қауымдастықтың мұны кеңінен мойындап отырғаны да шындық.

Өзбекстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымының саммиттері, ондаған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциялар өтті. Мұның бәрі елдің халықаралық ықпалының күннен-күнге артып келе жатқанын көрсетеді.

– Еліміздің дамуын жаңа деңгейге шығару үшін менеджмент те, заңнама да, қоғамымыз да өзгеруі керек. Олай етпесек, проблемаларды көріп, көрмесек, заманнан артта қаламыз. Халқымыз, жас ұрпағымыз бізден разы болмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Сондықтан да Конституциямыз бен заңдарымызға, күнделікті өмірімізге «Ең бірінші адам, содан кейін қоғам және мемлекет» идеясын тереңнен сіңіруіміз керек. Бүгінгі ауыр сынақтар мен болжауға қиын қауіп-қатерлерді еңсере алатын ұлттық мемлекеттігіміздің іргетасын нығайтуымыз қажет.

Осыны ескере отырып, Негізгі Заңымызды жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Халқымыз бұл реформадан үлкен өзгерістер күтеді. Осыған байланысты бүгінге дейін 220 мыңнан астам ұсыныстың түсуі – соның айқын дәлелі.

«Қоғам – реформалардың бастамашысы» қағидасы негізінде барлық мәселелер бойынша халықпен кеңесіп іс жүргізілуде.

Жалпы, мән-мағынасы адамдық қадір-қасиетті ұлықтау рухымен байытылған, келешек ұрпаққа қызмет ететін, Жаңа Өзбекстанға лайықты Конституцияны асықпай әзірлеу керектігі айтылды.

Азаматтар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен тілектер міндетті түрде ескеріліп, Конституция жобасы жалпыхалықтық референдумға шығарылады.

Әдеттегідей Жолдаудың ең қызықты тұсы жаңа жылды атау болды. Мемлекет басшысы алдағы жылға дұрыс жоспар құру үшін халқымыздың әр бағыттағы пікірін саралап, 20 мыңға жуық ұсыныстың талқыланғанын атап өтті.

– Халқымыз білім, денсаулық сақтау, экономика салаларындағы нақты мәселелерді көтеріп, оның жүйелі шешімдерін ұсынып жатыр. Халқымыз бізден мектеп, балабақша, аурухана санын көбейтуді, білім мен медицинаның сапасын арттыруды, жол, су, жарық, маңайдағы көлік мәселелерін шешуді, жұмыс орындарын көбейтуді, кәсіпкерлік үшін, әділеттілікті қамтамасыз ету, ысырапшылдықты, бюрократия мен сыбайлас жемқорлықты жоюды күтуде. Көтерілген мәселелер нақты және өзекті. Қандай қиын болса да, біз бұл мәселелерді шешуге тиіспіз, - деді Президент.

Мемлекет басшысы алдағы 2023 жылды Өзбекстанда «Адамға көңіл бөлу және сапалы білім жылы» деп атауды ұсынды. Президенттің бұл ұсынысы шараға қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Алдағы жылға арналған жоспарлар мен бағдарламалар нақты айқындалғандықтан, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді нығайта отырып, ең маңызды да басым бағыттарды дамытуға ерекше көңіл бөлу керектігіне баса назар аударылды.

Ықшам және тиімді мемлекеттік басқару жүйесіне көшу, «әлеуметтік мемлекет» қағидасы негізінде Жаңа Өзбекстан құру, адам құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғау, еркін нарықтық механизмдерді енгізу, салауатты бәсекелестік пен жеке меншіктің құпиялығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, отандық және экономикаға шетелдік жеке инвестицияны ұлғайту шарттарын одан әрі жақсартуға бағытталған аса маңызды міндеттер, ішкі және сыртқы саясаттың басым бағыттары айқындалды.

Президент Жолдауда айтылған міндеттерді әлемдегі қазіргі күрделі жағдайда жүзеге асыру оңай болмайтынын атап өтті.

– Бірақ біз өткен кезеңде көп білім мен тәжірибе жинақтадық. Ең бастысы, өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізге деген сеніміміз артып келеді.

Сондықтан қанша қиын болса да таңдаған жолымыздан қайтпаймыз. Біз өз мақсаттарымызға міндетті түрде жетеміз.

Бұл жолда біз үлкен ниетті, жүрегі таза, еңбекқор халқымызға арқа сүйейміз. Бір кісідей еңбек етсек, еліміз ұмтылып отырған Жаңа Өзбекстанды міндетті түрде бәріміз бірге құрамыз деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Сөзінің соңында Президент жиналған жұртшылықты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, береке-ынтымақ, отбасылық бақыт тіледі.

 

Зиядулла ЖАНИБЕКОВ